Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02201 – Философия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Рамаданова Жанна Дидарбековнаның «Образный язык традиционного танцевально-пластического искусства казахов: философский анализ» (Қазақ дәстүрлі пластикалық би өнерінің бейнелі тілі: философиялық талдау) тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Наурзбаева Альмира Бекетовна, философия ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 09.00.13 – Дінтану, философиялық антропология және мәдениет философиясы.
2. Карипбаев Байжол Искакович – философия ғылымдарының докторы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 09.00.11 – Әлеуметтік философия.
Ғылыми жетекшілер:
- Кабаева Жулдыз Абдыкаримовна – философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Филиз Шахин (Filiz Şahin) – философия докторы (PhD), Акдениз университетінің профессоры (Анталья қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Барлыбаева Гаухар Гинаядовна – философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
- Бисембаева Зинакуль Убайдаевна – философия ғылымдарының кандидаты, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан).
- Затов Кайрат Айтбекович – философия ғылымдарының докторы, Нұр-Мүбарак Мысыр ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 8 желтоқсанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің 123-ші аудиториясында (Масанчи 39) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97164764520?pwd=MHWM9LbvrouAmyzTrLuJ0byEJbfGQD.1
Конференция идентификаторы: 971 6476 4520