Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03205 – Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Шотаев Мәди Тұрсынбекұлының «Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің партиялық қорларындағы «ерекше папкалардың» құжаттары: тарихи-архивтанулық зерттеу (1937–1991)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Тілеубаев Шамек Баянұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитеті, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. (Алматы, Қазақстан).
2. Батырбекқызы Гауһар - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының PhD, доценті (Шымкент, Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы – тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары, доцент. (Астана қ., Қазақстан)
2. Артур Горак – доктор хабилитус, профессор. Кардинал Стефан Вышинский атындағы университеті, Тарих факультеті. (Варшава қ., Польша).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Кенжебаев Ғабит Қапезұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық факультетінің деканы. (Алматы, Қазақстан)
2. Асанбаева Алуа Ермековна – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының жетекші сарапшысы. (Астана қ., Қазақстан).
3. Марк Эли – PhD доктор, профессор. Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының (ҰТО) аға ғылыми қызметкері, Ресей, Кавказ, Орталық Еуропа және Орталық Азияны зерттеу орталығы және жоғары әлеуметтік зерттеулер мектебі (Обервилье, Франция) директорының орынбасары, экологиялық тарих зерттеушілерінің университеттік желісінің мүшесі (РУЧЕ, Франция), Еуропалық экологиялық тарих қоғамы (ESEH) және Мемориал - Франция басқармасы (Париж, Франция Республикасы).
Қорғау 2025 жылдың 18 желтоқсанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “8D02206, 6D020300 – Тарих, 8D02207-Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, 8D02205, 6D020800 - Археология және этнология, 8D03206 - Кітапханалық ақпарттық жүйелер, 8D03205-Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету” мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/99722922894?pwd=4921aBaQFUTTuOamv9PTFBE1LkJaD3.1
Идентификатор: 997 2292 2894