Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05203 – Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тұрсынғали Маржан Нурланқызының «Іле Алатауы өзендерінің эрозиялық-арналық жүйелеріне қоршаған орта өзгерістерінің ықпалын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Куанышбаев Сеитбек Бекенович – география ғылымдарының докторы, «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-ректоры. Мамандығы: «25.00.25 – Геоморфология және эволюциялық география» (Қостанай қ., Қазақстан);
- Садвакасова Салтанат Рагимовна – география ғылымдарының кандидаты, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ физикалық және экономикалық география кафедрасының доцент м.а. Мамандығы: «25.00.27 – Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия» (Астана қ., Қазақстан)..
Ғылыми жетекшілер:
- Мусина Айнур Каировна – география ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті метеорология және гидрология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Мария Елена Родриго-Клаверо – PhD, Валенсия политехникалық университетінің гидравлика және қоршаған орта инженериясы кафедрасының профессоры (Валенсия қ., Испания).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Мухиддин Джулиев – PhD, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің іргелі және қолданбалы зерттеулер институты зертханасының меңгерушісі (Ташкент қ., Өзбекстан);
- Алдиярова Айнура Есиркеповна – PhD, қауымдастырылған профессор, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ су ресурстары және мелиорация кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
- Зинабдин Нұрлыбек Бердібекұлы – PhD, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ физикалық және экономикалық география кафедрасының аға оқытушысы.
Қорғау 2025 жылдың 22 желтоқсан күні сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503 - География», «8D05202 (6D060900) – География», «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D05204 – Метеорология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/93837022930?pwd=q7DB64aJvflinLYEnl50v9UaNtozZQ.1
Конференция идентификаторы: 938 3702 2930