Farabi University

Ердеш Елнар Бақытханұлы

19 желтоқсан 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05403 – Механика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Ердеш Елнар Бақытханұлының «Төрт жылу резервуары бар жер жылу сорғысы жүйелерін термодинамикалық оңтайландыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Механика» кафедрасында орындалды.

Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – ағылшын тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Өмірбеков Сағын Күмісханұлы – PhD, аға ғылыми қызметкер, Есептік материалтану ғылымы зертханасы, Энергетика және озық материалтану орталығы, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан. Мамандығы: «Механика және материалтану»;

2. Туртаева Зарина Нурланқызы – PhD, постдокторант-зерттеуші, Электрохимия зертханасы, Энергетика және экология ғылымдары орталығы, Пауль Шеррер Институты (PSI), Виллиген (Villigen), Швейцария. Мамандығы: «Механика және энергетика».

Ғылыми кеңесшілер:

1. Беляев Ержан Келесович – PhD,  қауымдастырылған профессор, профессор-зерттеуші, Механика кафедрасы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан;

2. Huasheng Wang – PhD, профессор, Thermofluids Engineering, Queen Mary University of London, Лондон, Ұлыбритания.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Thottipalayam Vellingiri Argunan – PhD, профессор, Машина жасау кафедрасы, Гуру Гасидас Университеті (Guru Ghasidas Viswavidyalaya (Central University)), Биласпур (Bilaspur (C.G)), Индия; Мамандығы: «Машина жасау»;

2. Асилбеков Бакытжан Калжанович – PhD, Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялар жөніндегі проректор м.а., М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан. Мамандығы: «Сұйық және газ механикасы»;

3. Құрмансейіт Мақсат Бақытжанұлы – PhD, Қауымдастырылған Профессор, Инженерлік механика кафедрасы, Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы, Қазақстан. Мамандығы: «6D060300 – Механика».

Қорғау 2025 жылы 19 желтоқсанында, сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағында құрылған «6D060300, 8D05403 – Механика», «6D074600, 8D07111 – Ғарыштық техника және технологиялар», «8D07117 - Робототехникалық жүйелер»   мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, 106-аудитория.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/96388724779?pwd=TeXcdrUK2lRPBgIEYnTSz2nSuxTvho.1

Конференция идентификаторы: 963 8872 4779

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы