Институт қызметінің мақсаты:
1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер негізінде заң ғылымының дамуын ғылыми қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу.
2.2. Институт қызметінің міндеттері:
заң және өзге де сабақтас (білім) ғылым салалары бойынша беделді дербес ғылыми мектептер мен бағыттар құру;
институттың әлемдік заң ғылымындағы жетістіктерін тану үшін алғышарттар қалыптастыру;
институт бейініне сәйкес ғылыми білімді дамытудағы негізгі үрдістерді зерттеу және анықтау;
әлемдік ғылымның жетістіктері мен даму үрдістеріне сәйкес құқықтық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
ғылыми болжамдарды кейіннен олардың теориялық және қолданбалы бөліктерінде ғылыми ізденістер стратегиясын әзірлей отырып жүзеге асыру;
алынған нәтижелерді іс жүзінде қолдануға белсенді жәрдемдесу;
аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау және баспасөзге ұсыну;
докторлық және кандидаттық диссертациялардың қолжазбаларын көпшілік алдында қорғауға арналған талқылау және ұсыныс;
заң жобаларын және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің, заң құжаттарының жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;
басқа ғылыми - зерттеу мекемелерімен және жоғары оқу орындарымен зерттеу қызметін үйлестіру, оларға зерттеу жүргізуге және институт бейіні бойынша ғылыми кадрлар даярлауға жәрдемдесу;
белгіленген тәртіппен ғылыми атақтар беру туралы өтінішхат;
басқа ғылыми ұйымдармен және кәсіпорындармен тікелей байланыс орнату;
ғылыми-зерттеу әзірлемелері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
ҚазҰУ-ға көмек көрсету, ғылыми-педагогикалық кадрлардың қалыптасуы мен өсуінде;
өткізілетін ізденістердің негізгі бағыттары бойынша жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен ғылыми шығармашылық байланыстарды нығайту және дамыту;
институт қызметінен туындайтын, Жарғыға, ҚазҰУ-дың ішкі актілеріне қайшы келмейтін өзге де міндеттер. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.
Конкурстарға, гранттық және бағдарламалық-нысаналы бағдарламаларға қатысу.