«Жазба жәдігер және Рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы осы сала бойынша студенттер, жас ғалымдар мен мамандарды даярлауға атсалысуға, PhD докторанттарына жетекші табуына ықпалдасу, тақырыбын анықтауға, зерттеу тақырыптарына сай деректер табуына көмектеседі.
Сонымен қатар
Сала бойынша ағартушылық жобалар: оқулық, оқу құралы, сөздіктер дайындау, арнайы дәрістер, семинарлар т.б. іс-шаралар ұйымдастыру;
Қазақ даласындағы жазба жәдігерлерді табу, каталогын жасау, түрлі құжаттарын дайындау, ғылыми ортаға таныстыру;
Жазба жәдігерлерді, рухани мұраларды зерттеу бойынша гранттық конкурстарға қатысу, отандық және шетелдік ҒЗО, ЖОО бірлескен ғылыми-зерттеу жобалар жасау.
Орталықтың басты мақсаты:
Университет қабырғасында жазба жәдігерлерді, көне мұраларды зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, отандық және шетелдік ғылыми зерттеу орталықтарымен әріптестік, академиялық қарым-қатынас орната отырып, қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулерді жандандыру, жүргізу.
Шадкам Зубайда
«Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.Түрксой кафедрасының проф.м.а., филология ғылымдарының кандидаты.«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы (2008-2009), «Үздік оқу басылымы» байқауының «Үздік монография» номанициясының дәрежелі иегері (2016), ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» (2019) белгісі, т.б. марапатталды.
Тұяқбаев Өмір Оразұлы
Маман,Шығыстану факультетін «шығыстанушы-тарихшы, референт, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тамамдаған.
Кайранбаева Назым Нургельдиевна
Маман,«Түріктану» мамандығы бойынша PhD докторы, Түрксой кафедарысың аға оқытушысы.