Ми институтының ашылуы когнитивті нейроғылым саласындағы күрделі кешенді ғылыми мәселелерді шешу мақсатында ғалымдарды біріктіру қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылды. Бұл бастама әлемдік ғылыми кеңістікке интеграцияланған, бәсекеге қабілетті ұлттық көпдеңгейлі ғылыми-зерттеу құрылымын қалыптастыру аясында іске асырылуда.
Ми институтының ғылыми-зерттеу жобаларының тізімі
Ми институтының ғылыми-зерттеу жобаларының тізімі
Институттың миссиясы — Қазақстандағы нейроғылымның әртүрлі бағыттарын дамыту мақсатында ұлттық және халықаралық қорларды тарта отырып, интегративті, пәнаралық деңгейде ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми технологиялар мен бағдарламаларды енгізу арқылы әлемдік стандарттарға сай келетін зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Кустубаева Альмира Мэлсовна - Ми институтының директоры, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры.
Жолдасова Манзура Кенесбеккызы - Ми институтының ғылыми қызметкері, PhD