Сәйкестікті бақылау қызметі-қоғам қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында комплаенс-бақылауды және ішкі бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) комплаенс-тәуекелдердің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды, оларды уақтылы анықтауды, бағалауды және басқаруды қамтамасыз ету, олар туралы ақпаратты қоғам басшылығына жеткізу;
3) қоғамның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына уақтылы мониторинг жүргізу.