КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ДЕПАРТАМЕНТІ

Күрделі құрылыс департаменті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің негізгі міндеттеріне бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын дайындау, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, университет объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді ұйымдастыру, сондай-ақ оның инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету кіреді. Департамент Орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауға, нормативтік стандарттардың сақталуына және қажетті рұқсат құжаттарын алу үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға жауапты.