«Таза Қазақстан» акциясы аясында
2025 жылғы 15 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген жалпы сенбілікке заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы да белсенді ат салысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және тұрақты даму қағидаттарын насихаттау болды. Кафедрамыздың атынан университет деңгейіндегі сенбілікке 128 оқу тобы куратор-эдвайзері
Бектұрсын Рахат Талғатұлының жетекшілігімен университетіміздің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық сана-сезімді арттыруға бағытталған бастамаларға белсене қатысты.
Іс-шараны үйлестіруді кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гүльдана Амангелдіқызы және жауапты оқытушы Кұдайберген Амир жүзеге асырды.
Бұл шара – студенттердің табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық тәрбиені тәжірибе жүзінде қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар