- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ұлттық валюта күні — теңгеге арналған жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік дебат-ойын
Ұлттық валюта күні — теңгеге арналған жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік дебат-ойын
2025 жылғы 17 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Қаржы және есеп» кафедрасының куратор-эдвайзерлері, э.ғ.к. А.С. Асилова және э.ғ.к. Ж.К. Жорабаева жетекшілігімен Ұлттық валюта күні — теңгеге арналған жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік дебат-ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараға түрлі жоғары оқу орындарының командалары қатысты: Лига финансистов, TURANaccounting, FinWars, Капитал, Finergu және басқа да қатысушылар. Олар қаржы саласындағы жоғары деңгейдегі білімдері мен аналитикалық дағдыларын көрсетіп шықты.
✨ КазНУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері үздік нәтиже көрсетіп, ойынның жеңімпазы атанды!
Бұл жеңіс — студенттердің табанды еңбегі мен талпынысының, сондай-ақ оқытушылардың тиімді тәлімгерлігінің нәтижесі.
Қатысушыларға алдағы білім жолында толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Басқа жаңалықтар