ТДМ 7. «Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері»
Жастарға берілетін ең маңызды тәрбие – олардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және интеллектуалдық әлеуетін дамыту болып табылады. Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін қорғау – мемлекеттік деңгейдегі басты міндеттердің бірі.
Осы мақсатта түрлі тәрбиелік және білім беру бағдарламалары жүйелі түрде іске асырылып келеді. Солардың аясында тыңдаушыларға «Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәріс барысында қатысушылар еліміздің жасыл экономикаға көшу үрдісі, энергетикалық қауіпсіздік, экологиялық жауапкершілік және баламалы энергия көздерінің даму перспективалары туралы өзара пікір алмасты.
Сонымен бірге, тыңдаушылардың экологиялық мәдениетін арттырып, жаңа технологияларға қызығушылығын күшейту мақсатында өткен бұл шарада жастар климат өзгерісінің салдары, энергия ресурстарын ұқыпты пайдалану және тұрақты даму қағидаттары жөнінде тереңірек түсінік алды. Талқылау барысында әр қатысушы өз ойын ашық білдіріп, қоғамның экологиялық болашағына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Осындай дәрістер – жастарды ғылыми ойлауға, сын тұрғысынан талдауға, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға жетелейтін маңызды алаң. Біз мұны тыңдаушылардың танымдық көкжиегін кеңейтуге, жауапкершілігін арттыруға және ел дамуына үлес қосуға деген ынтасын күшейтуге бағытталған құнды тәжірибе деп санаймыз.
Басқа жаңалықтар