«Климат өзгеруіне қарсы іс-қимыл»
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Филология факультетінің шетел тілдері кафедрасы университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілде халықаралық студенттер мен оқытушылар қатысуымен өткізілетін «Климат өзгеруіне қарсы іс-қимыл» атты конференцияға шақырады.
Басты тақырып Британ кеңесі материалдары және цифрлық технологиялардың гуруы, «Мұғалімдерге арналған техникалық құралдар» сериясының авторы, Пичи басылымдарының авторы, Ник Пичи мырзаның «Климаттың өзгеруін жоққа шығарушы» интерактив сабағына негізделеді. Қытай Халық Республикасынан келген Әріпжан Бағжан, Хуан Юйчжао, Әділбек Талант, Амантай Ақарыс өз презентацияларын ұсынады.
Өтетін уақыты: 22 қараша 2025 ж., сағат 11.00
Орны: Шығыстану факультеті, 538-539 ауд.
Ұйымдастырушылар: Джанузакова А.А., Шаяхмет Ә.К.
Басқа жаңалықтар