ҚазҰУ ғылыми журналдарының рецензенттері марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Scopus деректер қорында индекстелетін ғылыми журналдарының рецензенттері халықаралық Elsevier баспасының марапатына ие болды.
Әлемдегі жетекші ғылыми баспалардың бірі – Elsevier жыл сайын өз журналдарының сапасын арттыруға және дамуына елеулі үлес қосқан үздік рецензенттерді атап өтеді.
2025 жылы Scopus деректер қорында индекстелетін ҚазҰУ-дың екі журналы – Physical Sciences and Technology және International Journal of Mathematics and Physics – жоғары халықаралық бағаға ие болды. Осы журналдардың рецензенттері «Outstanding Reviewer» («Үздік рецензент») атағына ие болды.
Марапаттау салтанаты (Reviewer Recognition Ceremony) Астана қаласында өтті және Қазақстанның ғылыми қауымдастығы үшін маңызды оқиға болды.

Жоғары марапат алған рецензенттер: Physical Sciences and Technology (Scopus): Гүлмира Шарифовна Яр-Мұхамедова, Хабибулла Абдуллаевич Абдуллин; International Journal of Mathematics and Physics (Scopus): Physics секциясы – Владимир Джунушалиев, Mathematics секциясы – Ержан Беляев.
Бұл марапат – Scopus деректер қорында индекстелетін журналдардың сапасын арттыруға елеулі үлес қосқан рецензенттердің халықаралық деңгейде мойындалып, үздіксіз еңбегі мен жоғары кәсібилігінің бағалануының көрінісі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар