Әдебиеттану мамандығының 4-курс студенттерімен Филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұстаздары ТДМ 4. бағыты бойынша Солтанаева Еркінгүл, Шортанбай Шоқанның жетекшілігімен «Детектив әлеміне саяхат» тақырыбында жазушы, Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауының жеңімпазы Гүлден Жылкелдиевамен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – қаламгер шығармашылығымен, детектив жанрының қыр-сырымен жете танысу. Кездесу барысында автор өз туындыларының жазылу тарихына тоқталып, жазушылық машығы туралы айтты. Қаламгердің әр сөзінен әдебиетке деген шынайы сүйіспеншілік пен шығармашылық жауапкершілік аңғарылады.
Автордың шығармаларымен жақын танысқан студенттер жас ғалым ретінде, толысқан оқырман ретінде жан-жақты пікірлерін еркін білдіріп те жатты.
Автор да шәкірттердің ынтасы мен ықыласына риза болып, сауалдарына шынайы көңілмен жауап берді. Кездесу соңында студенттер қаламгерге өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, алдағы шығармашылық жолына сәттілік тіледі.
Ш.А. Шортанбай,
қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар