Әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған «Әл-Фараби апталығы» аясындағы жетістік
2025 жылы Әл-Фарабидің 1155 жылдық мерейтойына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған дәстүрлі «Әл-Фараби апталығы» жоғары деңгейде өтті. Апталық аясында факультеттер мен ғылыми құрылымдарда ұлы ойшылдың ғылыми-философиялық мұрасын қазіргі цифрлық дәуірмен сабақтастыруға бағытталған түрлі ғылыми, шығармашылық және инновациялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы, 6B02213 – Музеология және тарихи-мәдени туризм мамандығының 1-курс студенті Баубекқызы Камила апталық аясындағы шығармашылық және ғылыми-инновациялық бағыттағы жарыстарға белсене қатысып, өз білімін, қабілетін және зерттеушілік ынтасын жоғары деңгейде көрсетті. Ұсынылған жұмыс мазмұны мен ғылыми-шығармашылық ізденіс нәтижесінде Баубекқызы Камила университет көлемінде бағаланып, жүлделі III орынды иеленді. Студенттің бұл жетістігі – кафедраның ғылыми әлеуетін, білім беру сапасын және жас зерттеушілерге көрсетілетін қолдауды дәлелдейтін маңызды көрсеткіш.
Басқа жаңалықтар