Қытайлық компаниямен ортақ жобалар жоспарланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Қорғас Алтын орда Хан деректер технологиясы» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Я.Фэнмен кездесу өткізді.
Жансейіт Түймебаев университеттің ғылыми әлеуеті, инновациялық жобалары және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ректор ҚазҰУ-дың цифрлық трансформация, жасанды интеллект, деректерді талдау, смарт-технологиялар сияқты салаларда белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Қытай тарапы ілтипат көрсеткені үшін ҚазҰУ ұжымына ризашылығын білдіріп, компания электрокөліктерді жөндеу, робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу бағытында оқу ордасымен серіктестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар аталған ұсыныстар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласып, ҚазҰУ базасында компанияның орталығын ашуға келісті.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар