«Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде» атты көрмеFarabi University

«Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде» атты көрме

21 қараша, 2025

Бүгін Дінтану және мәдениеттану кафедрасының кураторлық сағаты Алматы музейінде өткізілді. Кураторлық сағатқа кафедра оқытушылары Кудерина А.Н., Каупенбаева С.М., Құдайбергенов С.Е., Әлтаева Н.С. және Нұрзат М. кураторлық топтарымен бірге қатысып, студенттерге мәдени мұрамен тікелей танысудың маңыздылығын көрсетті. Бұл кездесу студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби бағдарын тереңдетуге бағытталған маңызды тәрбиелік шара болды.

Кураторлық сағат аясында қатысушылар А. Пушкин музейі, Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі және М. Шолоховтың мемориалдық музейі қорлары негізінде дайындалған «Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде» атты ерекше көрменің салтанатты ашылуына қатысты.

Экспозицияда А.С. Пушкиннің жеке заттары, сирек кітаптары мен құжаттары; Ф.М. Достоевскийдің Семейдегі кезеңіне қатысты фотосуреттері, хаттары және тұрмыстық бұйымдары; сондай-ақ М.А. Шолоховтың жеке заттары, қолжазбалары және оның Қазақстанмен шығармашылық байланысын айғақтайтын материалдар ұсынылды. Көрменің әр бөлімі қазақ және орыс әдебиетінің өзара ықпалдастығын айқын көрсетіп, тарихи-мәдени сабақтастықты ашып көрсетті.

Бұл кураторлық сағат студенттер үшін мазмұнды тәжірибе болып, оларды музей кеңістігі арқылы мәдениет, тарих және әдеби мұраның құндылығын терең түсінуге жетеледі.