ТДМ 7 және 13 іс жүзінде: студенттер «Энергияны сақтайық» экологиялық акциясын өткіздіFarabi University

ТДМ 7 және 13 іс жүзінде: студенттер «Энергияны сақтайық» экологиялық акциясын өткізді

12 қараша, 2025

2025 жылғы 13 қарашада кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор м.а. Қалымбек Бақытжан студенттермен бірге 18-студенттер үйінде «Энергияны үнемдейік» атты ақпараттық акция өткізді.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының №7 – «Қолжетімді және таза энергия» және №13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» бағыттары аясында ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру, энергияны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру және климатты қорғау мен энергия үнемдеу мәселелеріне назар аударту.

Студенттер белсенділік танытып, экологиялық құндылықтар мен тұрақты өмір салтын насихаттауға зор қызығушылық білдірді.