- Басты бет
- Ғылым
- ҚазҰУ басқа жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарын ғылыми тағылымдамаға қабылдайды
ҚазҰУ басқа жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарын ғылыми тағылымдамаға қабылдайды
ҚазҰУ басқа жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарын ғылыми тағылымдамаға қабылдайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми тағылымдамаға қабылдайтынын хабарлайды.
Бағдарламаның мақсаты – жас зерттеушілерге ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымы негізінде зерттеу жүргізуге, тәжірибе алмасуға, зерттеу мәдениетін дамытуға және кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасау.


🔬 Бағдарлама аясында ұсынылатын мүмкіндіктер:
• ҚазҰУ-дың жетекші зертханаларында ғылыми зерттеу жүргізу;
• Университет профессорларынан ғылыми кеңес алу;
• Ғылыми жобалар мен эксперименттерге қатысу;
• Ғылыми мақалалар мен жарияланымдарға қолдау;
• Зерттеу әдіснамасы, ғылыми жазылым, академиялық этика бойынша тренингтер.
📝 Қажетті құжаттар:
1. Жоғарғы оқу орны тарапынан ұсыныс хат;
2. 3 жақты келісім шарт;
3. Тағылымдама бағдарламасы (мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелер);
Құжаттар электронды түрде немесе факультеттермен келісім арқылы қабылданады.
🎓 Бағдарламаның артықшылықтары:
· Заманауи ғылыми инфрақұрылымға қол жеткізу;
· ҚазҰУ қалашығымен танысу;
· Ғылыми тәжірибені кеңейту;
· Академиялық байланыстар орнату;
· Болашақ диссертациялық зерттеулерге дайындықты күшейту.
Толық ақпарат алу үшін:
7(727) 377-33-33, ішкі 14-00
Ғылыми кадрларды дярлау және аттестаттау басқармасының бас маманы Мұрал Қымбат.
Барлық ынталы магистранттар мен докторанттарды ғылыми әлеуеттеріңізді арттыруға шақырамыз!
Басқа жаңалықтар