«Энергетикалық қауіпсіздік: табиғи ресурстарды тұрақты реттеуді қалай қамтамасыз етуге болады» тақырыбында семинар өтеді

4 сәуір, 2016

ҚазҰУ Abertay университетімен бірігіп «Энергетикалық қауіпсіздік: табиғи ресурстарды тұрақты реттеуді қалай қамтамасыз етуге болады» тақырыбында семинар өткізбек

Семинар 27 маусым – 1 шілде аралығында Алматы қаласындағы InterContinental қонақ үйінде өтеді. Семинар Қазақстан мен Ұлыбритания зерттеушілерінің арасындағы серіктестікті дамыту мақсатындағы Ньютон – Әл-Фараби бағдарламасы шеңберінде Британдық Кеңеспен қаржыландырылады.

Семинар Abertay (Данди қ., Шотландия,) және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттерімен өткізіледі.

Семинарда басты сұрақ ретінде энергетикалық қауіпсіздік қарастырылады, мысалы, қайта қалпына келтірілетін қайнар көздерден энергияны өндіру мен қолдануды жоғарылату және Қазақстанның мұнайға және мұнайдан кіретін кірістерге тәуелділігін қысқарту. Сонымен қатар, таза энергияны пайдаланудың ауқымын кеңейту және қайта қалпына келтірілетін қайнар көздерден энергияны қолданудың экономиканың тұрақты дамуына, Қазақстанның әлеуметтік ортасына және қоршаған ортасына қалай әсер етуінің шарттарын оқыту жоспарлануда.

Семинарға қатысуға энергетика, экономика, бизнес, менеджмент, география, тұрақты даму, экология және т.б. әртүрлі ғылым салаларынан Қазақстан және Ұлыбританиядан зерттеушілер шақырылады (әр мемлекеттен 15-20 адам). Жол ақысы, тамақтану және тұратын орны Британдық Кеңеспен төленеді.

Семинар ағылшын тілінде өткізіледі. Толық ақпаратты хабарландырудың ағылшын тіліндегі нұсқасынан табасыз.