IPRbooks электронды-кітапханалық жүйе қолжетімді

4 сәуір, 2016

Әл-Фараби кітапханасы ірі IPRbooks Электронды-кітапханалық жүйесі қолжетімді болғанын хабарлайды! Университетіміздің әрбір оқытушысы мен студенті оқу мекемелерінің білім беру қызметінде қолдануға ұсынылған, еліміздегі ең алғашқы сертификатталған электронды-кітапханалық жүйе болып табылатын, IPRbooks ЭКЖ – электронды басылымдарының Ресей лицензиялық толықмәтінді қорымен тегін жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.

IPRbooks ЭКЖ – семинарларға, сынақтарға және емтихандарға, жобалар мен қажетті жұмыстарды орындауға, оқудың әртүрлі бағыттарына арналған, жаңа ақпараттық технологиялар мен лицензиялық оқыту әдебиеттерін біріктіретін, оқуға және ғылыми зерттеулерге арналған сенімді және пайдалы ресурсы. IPRbooks ЭКЖ оқытушыларға оқу жоспарын құруда, сабаққа дайындалуында, әріптестерінің жаңа жарияланымдары туралы ақпараттар алуында пайдасы зор.

ЭКЖ-де 94000 аса басылымдар, 20000 әртүрлі пәндер бойынша оқу және ғылыми жұмыстар бар, басым бөлігі ЖАК тізіміне кіретін 400-ге жуық ресей және шетел журналдары, 500 аса федералдақ, аймақтық, ЖОО баспалары, ғылыми-зерттеу институттары, ғалымдардың еңбектері мен жетекші авторлық ұжымдардың әдебиеттері ұсынылған. IPRbooks ЭКЖ контенті білім беру саласында, жоғары мектеп, орта кәсіби білім беру стандарттары бойынша, қосымша және қашықтықтан оқыту бойынша РФ заңнамалық талаптарына толықтай сай келеді.

Сонымен қатар «Ресей кітапханаларының қоры» (62000 аса басылымдар) – сирек басылымдар, ноталар, мерзімді басылымдар, тарихи, өлкетану әдебиеттері және т.б қолжетімді.

Сайтта әртүрлі пәндер бойынша өзінің білімін тексеруге көмектесетін, онлайн-режимдегі тесттер (350 аса тесттер) ұсынылған.

Оқытушыларға РҒДИ (Ресей ғылыми дәйектеме индексі) (IPRbooks ЭКЖ Elibrary Ғылыми электронды кітапхана серіктесі болып табылады) қорында келесі индекстеумен IPRbooks ЭКЖ-не өз жұмыстарын электронды жариялау мүмкіндігі бар. Жұмысты ЭКЖ жариялау IPRbooks ЭКЖ сервистері мен барлық мүмкіндіктерін қолданып ыңғайлы платформада студенттер үшін басылымдарға қолжетімділік оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, яғни сабаққа дайындалу барысында студенттерге өзінің басылымдарын ұсыну, білімді бақылау, студенттердің басылымдармен жұмыс жасау статистикасын талдау.

IPRbooks ЭКЖ күнделікті қазіргі заманғы жаңа басылымдармен толықтырылып және жаңартылып отырады. Оның айтарлықтай ерекшелігі, қорды жинақтау барысында оқытушылардың, студенттердің талаптарын ескере отырып оқу үрдісіне арналған әдебиеттерді сапалы іріктеу болып табылады. Тағы бір артықшылығы – қолданушыға арналған жаңа ыңғайлы сервистер, жүйенің жоғары бейімділігі, кеңейтілген функционал, іздеудің қолайлылығы және жылдамдығы.

Онлайн версияда жұмыс жасау http://iprbookshop.ru, www.bibliocomplectator.ru сайттарында тәулік бойы қолжетімді. Басылымдардың толық мәтініне авторланғаннан кейін қолжеткізуге болады, ол үшін кітапханадан логин және пароль алу қажет (Электронды зал, 3-қабат) немесе ЖОО ДК (ЖОО IP адресі қосылған жағдайда) тіркеуден өту керек.

ЭКЖ жұмыстары бойынша барлық қажетті нұсқаулықтар http://elibrary.kaznu.kz/ сайтында ұсынылған.