Farabi University
Референдум 15 марта

Цитоматрицаны зерттеу жөніндегі Қазақстан-Америка орталығы ашылады

27 қараша

2025 жылдың 27 қарашасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Цитоматрицаны зерттеу жөніндегі Қазақстан-Америка орталығының салтанатты ашылуы өтеді.

Ауқымды жоба американдық ғалымдармен қатерлі жасушалар биологиясына байланысты бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асырылуда. Алынған ҒЗЖ нәтижелерін қатерлі ісікке қарсы терапияда инновациялық тәсілдерді енгізу мен әзірлеу және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау үшін пайдалану жоспарлануда.

Бастама Қазақстан мен АҚШ-тың білім, ғылым және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастығының нәтижесінде іске асады.      

Келешекте орталықтың негізінде зерттеу және инновациялық бағыттағы кластер құрылады.

 

Өтетін орны:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби даңғылы 71,

Цитоматрицаны зерттеу жөніндегі Қазақстан-Америка           орталығы, 1 аудитория (1-қабат, биология және биотехнология          факультетінің зоология, гистология және цитология         кафедрасы).

 

Басталуы: 11.00

 

Басқа хабарландырулар

3 наурыз

Академиялық ұтқырлық конкурсы жарияланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде ҚР республикалық бюджеті есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға конкурс жариялайды. Бұл мүмкіндік бакалавриат студенттеріне арналған.

 

23 қаңтар

Құрметті докторанттар!

Докторанттарға арналған бағдарлау апталығы өтеді.