- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласы ЭТД өкілінің «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі
Алматы қаласы ЭТД өкілінің «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі
Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған танымдық қонақ дәрісін ұйымдастырды. Шараға Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің өкілі Исабеков Ерлан Рахимжанұлы шақырылды. Кездесу студенттердің экономикалық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі жөніндегі түсінігін кеңейтетін маңызды алаң болды.
Дәріс барысында спикер келесі мәселелерге тоқталды:
1. ЭТД-нің негізгі қызмет бағыттары
экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
мемлекет пен бизнесдің экономикалық мүдделерін қорғау;
бюджетке зиян келтіретін қаржылық схемаларды анықтау;
қаржы-шаруашылық қызметтің ашықтығын арттыру.
2. Алматы қаласындағы басым жобалар
салық және қаржылық бақылау процестерін цифрландыру;
тәуекелге негізделген басқару жүйелерін енгізу;
көлеңкелі экономикамен күрес;
кәсіпкерлермен профилактикалық өзара әрекеттесу.
3. Экономикалық қауіпсіздіктің маңызы
Экономикалық заңдылықты қамтамасыз ететін органдардың ашықтығы, айқындығы және есептілігі ерекше мәнге ие екені атап өтілді.
Басқа жаңалықтар