«Үздік коллоидтық-2025» олимпиадасыFarabi University

«Үздік коллоидтық-2025» олимпиадасы

26 қараша, 2025

2025 жылдың 19-21 қараша аралығында дәстүрлі «Үздік коллоидтық-2025» олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға “6B05312- Өндірістің химиялық сараптамасы және аналитикалық бақылауы”, “6B05301-Химия”, “6B07201-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” БББ-ның 3 курс студенттері қызығушылық танытты. Барлығы 26 студент қатысып, “Коллоидтық химиядан” теориялық дайындық пен практикалық құзыреттіліктің үйлесімділігін көрсетіп, бағалау критерийлері бойынша ең жоғары нәтижеге жеткендер:

І орын - Кутузов Илья;

ІІ орын Погоров Федор, Алихан Бексултан;

ІІІ орын Адамова София, Уали Наргиз, Тасболатов Шынгыс, Коркина Влада.

Құттықтаймыз! Теориялық және практикалық білім бойынша үздік нәтиже көрсеттіңіздер!