Қазіргі биотехнология мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге
7-8 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ІІІ Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде, ірі ғалым – микробиолог, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» ордерінің иегері, ЖОО-2007 Үздік оқытушысы, биология ғылымдарының докторы Жұбанова Ажар Аметқызының 75 жылдық мерейтойына арналған, «Қазіргі биотехнология мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияда биотехнологиядағы заманауи ғылыми мәселелер талқыланады.
Сонымен қатар G-Global кешенінде Дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы орта және жоғарғы мектептерде заманауи маман – биотехнологтарды жұмысберушінің заман талабына сай дайындау болып келеді.
Конференция жұмыстарына Германия, Ресей және ТМД мемлекеттерінің биология, биотехнология, медицина және экология салаларында жұмыс жасайтын, белгілі ғалымдары қатысады.
Конференцияда ғылыми ізденіс нәтижелері 5 кілттік спикерлермен тағайындалады, 300 баяндаушы ауызша және көп көлемде қабырғалық баяндама жұмыстары қарастырылады. Осы жұмыстарға байланысты келесідей секциялар ұйымдастырылған:
- Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің биотехнологиялық жән генетикалық потенциалдары.
- Экологиялық биотенология және биоэнергетиканың өзекті мәселелері.
- Медицина, ветеринария және ауылшаруашылығында жаңа биотехнологиялық препараттар дайындаудың практикалық шешімдері.
Конференция ұйымдастырушылары биотхнология саласының Қазақстандағы ұйымдастырушылары болып табылады, олар:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми – зерттеу институты
- Эология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты
- Қазақстан Республикасының Ұлттыз биотехнология орталығы
- ҚР БҒМ микробиология және вирусология иституты
- ЖШС «Антиген» ғылыми – өндірістік орны
- Ақпараттандыру ұлттық орталығы АҚ
- «Центр педагогических технологий информатизации образования» білім беру орталығы
- «ЭКСТРАПРЕСС Ко» шұғыл басылым орталығы
Ұйымдастырушы одақ