- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жас мамандардың үлесі: Фундаменталды медицина кафедрасының Еуразиялық онкология форумына қатысуы
Жас мамандардың үлесі: Фундаменталды медицина кафедрасының Еуразиялық онкология форумына қатысуы
28 қараша, 2025
2025 жылдың 19–21 қарашасында Алматыда Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия мамандарының қатысуымен I Еуразиялық онкология көшбасшыларының форумы өтті. Бұл маңызды шара аймақ елдері арасындағы медициналық ынтымақтастықты нығайтып, онкология саласындағы заманауи тәжірибе мен ғылыми жетістіктерді талқылауға арналған кәсіби алаң болды.
Форумға Іргелі медицина кафедрасының кураторлары — Толенова Қаракөз, Айтжан Ментай және Торегелдиева Айдана, сондай-ақ медицина мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Қатысушылар жетекші мамандардың баяндамаларын тыңдап, онкология саласындағы ең жаңа технологиялар, 3D-хирургия, роботтандырылған жүйелер және сәулелік терапия әдістерімен танысты.
Бұл форум студенттер үшін кәсіби көкжиекті кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі тәжірибемен танысуға, заманауи медицинаның даму бағыттарын терең түсінуге үлкен мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025