ПАРАСАТТЫ ТҰЛҒА – КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕГІЗІ
12 қараша 2026
2026 жылғы 3 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде GM 24-10 тобының студенттеріне «Парасатты тұлға: кәсіби жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттерді дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Оқытушы Амиртанова Шұғыла Мақсатқалиқызының жетекшілігімен студенттер кәсіби этика, адамгершілік құндылықтар, жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттердің болашақ дәрігер мамандығындағы маңызын талқылады.