«Діни экстремизм және оны және оның алдын-алу» тақырыбында ашық кураторлық сағат өттіFarabi University

«Діни экстремизм және оны және оның алдын-алу» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті

25 қараша, 2025

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында студенттерге арналған «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны кафедраның аға-эдвайзерлері Ф.Жумажанова және А.Хаван ұйымдастырды.

Кураторлық сағаттың арнайы қонағы – исламтанушы, PhD Аманқұл Темур Оралбайұлы болды. Қонақ өз сөзінде қазіргі қоғамда діни экстремизмнің таралу себептері, радикалды идеялардың жастарға әсері, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі діни дезинформацияның қауіптілігі туралы студенттерге кеңінен айтып берді.

Іс-шара барысында талқыланған негізгі мәселелер:

• жастар арасында діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы;

• радикалды діни ағымдардың белгілері және олардан сақтану жолдары

• зайырлылық қағидаларын дұрыс түсіну

• әлеуметтік желілердегі діни ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдаудың қажеттілігі.

Студенттер исламтанушы маманмен еркін форматта пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сарапшы жастардың ақпараттық иммунитетін күшейтудің діни экстремизмнің алдын алудағы маңызды фактор екенін атап өтті. Шара соңында кафедра өкілдері студенттер арасында діни ағарту жұмыстарын жалғастырудың маңызын атап, мұндай кездесулердің болашақта тұрақты түрде өткізіліп тұратынын жеткізді.