Жоғары жұмыспен қамтылу және тұрақты экономикалық өсу: заманауи тетіктер мен стратегияларFarabi University

Жоғары жұмыспен қамтылу және тұрақты экономикалық өсу: заманауи тетіктер мен стратегиялар

29 қараша, 2025

2025 жылғы 24 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Бизнес технологиялар кафедрасы Ж.Баласагын атындағы ҚМУ-мен бірлесе отырып, «Жоғары жұмыспен қамтылу және тұрақты экономикалық өсу: заманауи тетіктер мен стратегиялар» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.
Халықаралық семинар ТДМ 8 — «Тұрақты, инклюзивті және орнықты экономикалық өсуді, толық әрі өнімді жұмыспен қамтуды және барлық адамдар үшін лайықты еңбекті ілгерілету» мақсаттарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Семинарға Бизнес технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Логистика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, сондай-ақ Ж.Баласагын атындағы ҚМУ-дың ПОҚ мен студенттері қатысты.
Ұйымдастырушылар: З.Б. Ахметова., М.У. Бейсенова., Э.Е. Баймухамбетова., А.К. Кажмуратова, А.Ж. Болтаева.