Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияFarabi University

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

29 қараша, 2025

27 қараша 2025 жылы «Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде тиімді оқытудың құралдары мен тәжірибелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 40 жылдық мерейтойына арналды.

Семинар жұмысына Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Жапония ғалымдары мен әдіскерлері, сондай-ақ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. Бұл құрам шараның халықаралық маңызын және кәсіби қауымдастық үшін өзектілігін айқындайды.