ТДМ-4 бағыты бойынша іс-шара: «Сауаттылық – тұлғалық және әлеуметтік өсудің негізі»Farabi University

ТДМ-4 бағыты бойынша іс-шара: «Сауаттылық – тұлғалық және әлеуметтік өсудің негізі»

1 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында 2025 жылдың 28 қарашасында «Сауаттылық – тұлғалық және әлеуметтік өсудің негізі» атты өзекті тақырыпқа арналған оқыту семинары (ТДМ 4) өтті. Оқыту семинарының мақсаты – білімалушылардың бойында сауаттылықтың тұлға дамуының, әлеуметтік белсенділіктің және қоғамның тұрақты дамуының негізгі факторы ретіндегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, жастар мен ересектер арасында сауаттылықты арттыру жолдарын талқылау болды.

Аталған іс-шара білімалушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыра отырып, олардың кәсіби және әлеуметтік ортада дербес, дәлелді шешім қабылдау қабілетін нығайтуға, сонымен бірге, тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытып, қоғамдағы тиімді коммуникация мен саналы әрекет дағдыларын қалыптастыруға нақты мүмкіндік береді. Талқылау нәтижесінде жеке тұлғаның дамуы мен тұрақты қоғам үшін сауаттылықтың маңыздылығын түсіну ұлт болашағының кепілі екені атап өтілді.