ТДМ-4 бағыты бойынша іс-шара: «Денедегі электрлік сигналдар»
14 қараша 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина, нейроғылым кафедрасында ТДМ-ның 4-мақсаты аясында «Денедегі электрлік сигналдар» тақырыбында доцент қызметін атқарушы Кулбаева Маржан Сусаровна лекция өткізді.

Лекцияның мақсаты бойынша студенттерге адам ағзасындағы электрлік сигналдардың (нейрондық импульстар, жүректің электрлік белсенділігі, бұлшықет потенциалдары) пайда болу механизмдерін, олардың физиологиялық рөлін, сондай-ақ ғылым мен медицинадағы қолданылуын түсіндіру арқылы ғылыми сауаттылықты арттыру және сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету болды. Студенттер биофизикалық процестердің негіздерін тереңірек меңгеріп, нейрондар мен бұлшықет жасушаларындағы электрлік құбылыстардың маңызын тәжірибелік мысалдармен ұштастыра алды.

Қорытындылай келе іс-шара білім алушылардың ғылыми сауаттылығын арттыруға, физиологиялық процестерді талдау дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ биология мен медицинаның заманауи әдістеріне деген қызығушылықтарын күшейтуге ықпал етті. Алынған білімдер болашақта денсаулық, технология және ғылым салаларында саналы әрі жауапты шешімдер қабылдауға негіз бола алады. Іс-шараға “Биология” мамандығының 4-курс студенттері қатысты.
Басқа жаңалықтар