07.02.2016 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №10 жатақханасының мәжіліс залында сағат 19:00-де тарих, археология және этнология факультеті, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы бойынша Елбасының «100 нақты - Ұлт жоспары» бағдарламасын талқыладық.Талқылау барысында елбасы жолдаған жолдаудың бүгінгі жас ұрпақ үшін маңыздылығымен, ел экономикасын дамытуда үлкен рөл атқаратындағын талқыладық. Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамамен қамтамасыз ету мамандығының 3-1 курс студенттері жекелеген тармақшаларға тоқталып, бұл бағдарламаның ел игілігі үшін екендігін айқындай түсті. Соңында студенттер мен оқытушылар пікір алмасып, бір-бірлеріне сауалдар қою арқылы «100 нақты - Ұлт жоспары» атты бағдарламасын толық талқылады.
Қатысқандар: №10 жатақхана студенттері мен тарих факультетінің оқытушылары
Ұйымдастырушылар: Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары (Тоқсанбаев А.К., Нұсқабай П., Суйинова А.Т., Қожабекова Ж.Б., Садыкова Р.О., Шокатова А.К., Мухажанова Т.)