«Ұшақ борттағы жолаушылар» атты семинар
КАЗ
2025 жылғы 25 қарашада Философия және саясаттану факультетінің, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша докторанттары (Сүлейменова Р., Исмайлова А., Жумағалиева А.) жасанды интеллектке негізделген «Ұшақ борттағы жолаушылар» атты семинар өткізді, «Зерттеу жобаларына ұсыныстарды дайындау және қарау әдістері» тақырыбындағы семинарларды ұйымдастырды. «Педагогика философиясы мен методологиясы» курсы педагогиканың ғылыми жүйе ретінде құрылымын, педагогикалық методологияның даму тарихы мен кезеңдерін қамтиды. Курсты доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Б.А. Аринова оқытады. Лекциялар мен семинарларда методология саласындағы әйгілі ғалым Ш.Т. Таубаеваның еңбектері кеңінен қолданылады. Әрбір сабақ жасанды интеллектті қолданатын инновациялық технологияларға негізделген және интерактивті форматта өтеді.
Басқа жаңалықтар