Ғылыми - әдістемелік семинарFarabi University

Ғылыми - әдістемелік семинар

6 қараша, 2025

2025 жылдың 6 қарашасында, сағат 14:00-де Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында докторанттар, магистранттар және оқытушылар құрамының қатысуымен кезекті ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар барысында п.ғ.д., қауымдастырылған профессор Булатбаева А.А. педагогика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын бағалау критерийлеріне тоқталып, зерттеудің өзектілігі, концептуалдылығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, сенімділігі мен эксперименттік бөлімнің негізділігі туралы жан-жақты баяндама жасады.

Сонымен бірге, докторлық диссертацияларды жазу рәсіміне қатысты ғылыми пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар диссертациялық жұмыстың құрылымы, рәсімдеу талаптары, ғылыми дәлелдемелерді негіздеу және зерттеу логикасын құру мәселелері бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Семинар мазмұнды әрі пайдалы өтіп, жас зерттеушілердің ғылыми құзыреттілігін арттыруға және ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосты.