Оңтүстік астанамен танысуFarabi University

Оңтүстік астанамен танысу

1 желтоқсан, 2025

Тұрақты даму мақсаттарын зерделеу және ілгерілету аясында дайындық факультетінің шетелдік тыңдаушыларға тілдік және жалпы білім беру даярлығы кафедрасының оқытушылары үлкен тәрбие жұмысын жүргізеді. Оқытудағы бұл бағыт ТДМ-ның «Сапалы білім беру» мақсатына сай келеді. Аудиториялық жұмыстан бөлек, оқытушылар студенттерімен көп уақыт өткізеді, себебі біздің тыңдаушылар Қазақстанға түрлі елдерден келеді және, әрине, ел тарихы мен оның даму ерекшеліктері туралы еш мәліметтерді бідмейді.

Оңтүстік астананың тамаша ауа райын пайдаланып, эдвайзерлер студенттеріне Алматы қаласы бойынша танымдық серуен ұйымдастырды. Сенбі күні сабақтан кейін студенттер Алматының орталық көшелерін аралап, қала, олардың тарихы, танымал ғимараттары мен сәулет ескерткіштері туралы көпеген мәліметтер алды.

Оқытушылар қытайлық студенттерге Республикалық мемлекеттік академиялық театрлар – Ұйғыр музыкалық комедия театры мен Корей музыкалық комедия театрының немен танымалдығы жайлы әңгімеледі (Құддыс Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театры – әлемдегі жалғыз ұйғыр театры болып табылады), сондай-ақ №25 гимназияның (бұрынғы Ф. Дзержинский атындағы №25 орта мектеп) тарихы туралы айтты – бұл мектепті Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев бітірген.

Оқытушылар осы мектептің жанында орналасқан Қарағайлы саябақтың құрылуы, ашаршылық құрбандарына арналған шағын саябақтағы ескерткіш туралы да баяндады. Студенттер үшін бәрі өте қызықты болды, олар Оңтүстік астананың – Алматы қаласының тарихы туралы көптеген жаңа және пайдалы мәлімет алды. Демек, олар бұл қаланы қазірдің өзінде жақсы көріп үлгерді.

 

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары

 Түребекова Р.С. және Мамытбекова Л.Қ.