- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академиялық байланыстарды нығайту: Пекин университеті мен ҚазҰУ меморандумға қол қойды
Академиялық байланыстарды нығайту: Пекин университеті мен ҚазҰУ меморандумға қол қойды
Маңызды тарихи күн!
Бүгін, 05 желтоқсан 2025 жылы, Пекин университеті Заң факультеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі салтанатты түрде өтті!
Бұл — екі елдің білім және ғылым саласындағы байланысын жаңа деңгейге көтеретін өте маңызды оқиға. Пекин университеті Заң факультеті – Қытайдың жетекші құқықтық орталықтарының бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы беделді ғылыми білім ордасы.

Екі жақтың бірлескен жұмысы:
· халықаралық құқық,
· салыстырмалы құқық,
· «Бір белдеу, бір жол» бастамасының құқықтық негіздері,
· цифрлық экономиканың құқықтық реттелуі сияқты өзекті бағыттарда жаңа ғылыми серпін бермек.
Бұл меморандум тәлімгерлер мен студенттерге:
· ғылыми әлеуетті арттыруға,
· мәдени және академиялық алмасуды нығайтуға,
· жаңа буын халықаралық деңгейдегі заңгерлерді даярлауға зор мүмкіндік ашады.
Екі университет арасындағы ынтымақтастық — Қытай мен Қазақстан достығының нығаюына, құқықтық қоғам дамуына және ортақ болашаққа бағытталған маңызды қадам.
Бүгін қол қойылған келісім жаңа тарихи кезеңнің бастамасы болсын! Жемісті ынтымақтастық пен мәңгі достық тілейміз!
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы