- Басты бет
- Жаңалықтар
- «7М05105-Генетика» және «7М05119-Репродуктивті генетика» білім беру бағдарламалары бойынша бірінші курс магистранттарының ғылыми семина
«7М05105-Генетика» және «7М05119-Репродуктивті генетика» білім беру бағдарламалары бойынша бірінші курс магистранттарының ғылыми семина
Өткізу күні: 2025 жылғы 2 желтоқсан
Формат: онлайн, Microsoft Teams платформасы
2025 жылғы 2 желтоқсанда «Генетика» және «7М05119-Репродуктивті генетика» білім беру бағдарламаларының 1-курс магистранттарының кезекті ғылыми семинары өтті. Семинар Microsoft Teams платформасында онлайн форматта ұйымдастырылды.
Семинар барысында магистранттар өздерінің зерттеу жұмыстары бойынша алдын ала нәтижелерін ұсынды, генетикалық деректерді талдау әдістері талқыланды, сондай-ақ алдағы ғылыми міндеттер мен жұмыс жоспарлары белгіленді. Оқытушылар мен ғылыми жетекшілер келешек мақалалардың және магистрлік диссертациялардың құрылымына қатысты ұсыныстар беріп, нәтижелерді дұрыс рәсімдеу мен әдеби шолуды кеңейту қажеттілігін атап өтті.
Семинар соңында келесі есептерді тапсыру мерзімдері келісілді және жеке кеңес беру уақыттары белгіленді. Кездесу жұмыс атмосферасында өтіп, магистранттардың ғылыми біліктілігін арттыруға ықпал етті.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар