- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Француз ирантану мектебі және Франция ұлттық кітапханасы қорындағы Орталық Азияға қатысты парсы және түркі тіліндегі қолжазбалар» атты ғылыми семинар өтті
«Француз ирантану мектебі және Франция ұлттық кітапханасы қорындағы Орталық Азияға қатысты парсы және түркі тіліндегі қолжазбалар» атты ғылыми семинар өтті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ТДМ-ның «Сапалы білім» тармағы аясында ф.ғ.к., аға оқытушы, «Болашақ 500» бағдарламасы бойынша Sorbonne-Nouvelle университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен Қамбарбекова Ғалия Әмзеқызының «Француз ирантану мектебі және Франция ұлттық кітапханасы қорындағы Орталық Азияға қатысты парсы және түркі тіліндегі қолжазбалар» (French School of Iranian Studies and “Persian and Turk Manuscripts Relating to Central Asia (XIII–XIX) in the Collection of the National Library of France (BNF)”) атты ғылыми семинары өтті.
Семинар барысында Ғ.Ә. Қамбарбекова Париждегі Сорбонна университетінің қалыптасу тарихы, Шығыс тілдері және өркениеттер институтының (INALCO) ғылыми-оқу қызметі, сондай-ақ осы институттың кітапханасы – BULAC-тың жұмысы туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ INALCO-да араб, қытай, иврит тілдерімен қатар қазақ тілі де оқытылатыны атап өтілді.
Іс-шарада Париждің жетекші кітапханаларында сақталған Орталық Азияға қатысты құнды қолжазбалар таныстырылып, олардың ғылыми маңызы мен текстологиялық ерекшеліктері талқыланды. Семинарға факультет оқытушылары мен студенттері қатысып, мазмұнды әрі ақпараттық тұрғыдан құнды баяндама бойынша маңызды деректер алды.
Басқа жаңалықтар