Көшбасшылық дәріске шақырамыз: «Жануарлар шаруашылығындағы генетикалық және репродуктивтік технологиялар»Farabi University

Көшбасшылық дәріске шақырамыз: «Жануарлар шаруашылығындағы генетикалық және репродуктивтік технологиялар»

8 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 9 желтоқсанда, сағат 11:00–12:00 аралығында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінде көшбасшылық дәріс өтеді. Іс-шара 214-аудиторияда ұйымдастырылады.

Дәрістің тақырыбы:
«Жануарлар шаруашылығындағы генетикалық және репродуктивтік технологиялар»

Дәріс барысында ауыл шаруашылығы жануарларын генетикалық жетілдіру бағытындағы заманауи тәсілдер, селекциялық бағдарламаларда биотехнологиялық әдістерді қолдану, өнімділікті және биоқауіпсіздікті арттыру механизмдері қарастырылады. Материал ғылыми дәлелдерге негізделген, практикалық мысалдар мен қазіргі зерттеулер нәтижелерімен толықтырылады.

Спикер:
ветеринария ғылымдарының докторы, доцент Е. А. Корочкина
Санкт-Петербург мемлекеттік ветеринариялық медицина университеті (Ресей)

Лекция генетика, репродуктивті биология, криоконсервация және жануарлар биотехнологиясы саласындағы мамандарға, магистранттар мен докторанттарға арналған.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы