ҚазҰУ спортшысы үздік бестікке ендіFarabi University

ҚазҰУ спортшысы үздік бестікке енді

8 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің студенті, танымал спортшы Елдар Шекербек ашық суда өткен 10 шақырым қашықтықтағы жарыста 420 спортшының ішінен Топ-5 қатарына енді.

87 елден 2800 спортшы қатысқан ашық суда жүзуден әлем чемпионатының финалы – OCEANMAN-2025 Біріккен Араб Әмірліктерінде, Парсы шығанағының жағалауында өтті.

Суда жүзуден чемпионат бағдарламасында элиталық жүзу, командалық эстафета және ашық суда өтетін жастар санатындағы жарыстар ұйымдастырылды.

Елдар Шекербек бұл додада спортшы ретінде ғана емес, жас бапкер ретінде де сынақтан өтті. Оның командасы әлемнің 67 үздік командасы арасында өткен 3×500 метрлік эстафетада 4-орынды иеленді.

ҚазҰУ спортшысы Е.Шекербек – Босфор бұғазын жүзіп өтудің жүлдегері, IRONMAN 2025 (Түркия) триатлон жарысының жүлдегері, ашық суда 2 км, 5 км және 10 км қашықтықтар бойынша Қазақстан чемпионы, 5 км қашықтықта Азияның абсолют чемпионы.

Сонымен қатар ол 3×500 м эстафета бойынша әлем чемпионы, Парсы шығанағында өткен 10 км жүзудің күміс және қола жүлдегері (БАӘ), 10 км қашықтықтағы Еуропа чемпионы (Испания), 2023-24 жылдардағы универсиада жеңімпазы, ашық суда жүзуден ҚР спорт шебері, триатлон және президенттік бессайыс бойынша спорт шеберлігіне кандидат.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі