Химиялық физика және материалтану кафедрасы ғалымдарының Q1 журналында жаңа ғылыми мақаласы жарық көрдіFarabi University

Химиялық физика және материалтану кафедрасы ғалымдарының Q1 журналында жаңа ғылыми мақаласы жарық көрді

8 желтоқсан, 2025

2025 жылы Химиялық физика және материалтану кафедрасының ғалымдары жоғары импакт-факторлы, беделді International Journal of Molecular Sciences (процентиль 90, Q1) журналында кезекті ғылыми мақаласын жариялады.

Авторлар: Makpal Seitzhanova, Zhanar Kudiarova, Bibigul Rakhimova, Lyaila Tugelbayeva, Zhandos Tauanov.
Мақала тақырыбы: “Synthesis of Biomass Derived Graphene Nanomaterials by Chemical Activation with KOH”.
Жарияланым: International Journal of Molecular Sciences, 26(23), 11255.

Зерттеу биомассадан алынған графен тәрізді наноматериалдарды KOH арқылы химиялық активтеу әдісімен синтездеудің инновациялық тәсілдерін қарастырады. Алынған нәтижелер наноматериалдар химиясы, жасыл технологиялар және энергия сақтау жүйелері саласындағы маңызды ғылыми үлес болып табылады.

Бұл жарияланым кафедра ғалымдарының жоғары халықаралық деңгейдегі ғылыми белсенділігін көрсетіп, университеттің ғылыми беделін одан әрі арттырады деген сенімдеміз.