Халықаралық «Болашақ ғалымдары» жобасы
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 — «Мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастық» бағыты аясында Халықаралық «Болашақ ғалымдары» жобасы аясында Тарих факультетінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің ОӘБ маманы Мироненко Максим Сергеевичтің «Тарихи зерттеулердегі 3D/VR/AI» атты дәрісі өтті. Кездесу барысында гуманитарлық ғылымдардағы цифрлық технологияларды енгізу перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, архитектуралық кешендердің үшөлшемді модельдерін жасау, тарихи оқиғаларды визуализациялау үшін виртуалды шындықты қолдану, сондай-ақ құжаттар, картографиялық материалдар мен археологиялық деректерді талдауда жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану мәселелері қарастырылды. Максим Сергеевич пәнаралық тәсілдің маңызын атап өтіп, қазіргі тарихшының даярлығында цифрлық құралдарды меңгерудің ерекше рөл атқаратынын білдірді. Дәріс студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, ықтимал зерттеу жобалары бойынша талқылаумен жалғасты.

Басқа жаңалықтар