Brain Ring "Эндокриндік жүйе және Репродуктивтік жүйе"
10 желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Фундаменталды медицина кафедрасында анатомия және гистология пәндерінің оқытушылары (Қадырова А.А., Айтбаева Э.Б., Құмыходжаева И.А., Оралхан Ж., Мұқашева М.М) ұйымдастыруымен ТДМ #4 аясында Brain Ring форматындағы СӨЖ өтті. Іс-шараға «Медицина» мамандығының 2-курс студенттері, ағылшын бөлімінің топтары қатысты.
🧠 Квест тақырыптары: Эндокриндік жүйе және Репродуктивтік жүйе.
Студенттер өз білімдерін, шығармашылық ойлауын, жылдамдығын және топтық үйлесімділігін көрсетті.
Квест бірнеше кезеңнен тұрды:
🔷 тест тапсырмалары
🔷 ребустарды шешу
🔷 шығармашылық тапсырма
Қорытынды кезеңге ағылшын бөлімінің үш тобы өтті:
🥇 24-05
🥇 24-10
🥇 24-12
🎉 Brain Ring жеңімпазы — 24-12 тобы!
Студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда және болашақ кәсіби жолында сәттілік тілейміз.
Басқа жаңалықтар
18 желтоқсан, 2025
18 желтоқсан, 2025
18 желтоқсан, 2025