Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ланьчжоу университетіндегі халықаралық конференцияға қатысып қайттыFarabi University

Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ланьчжоу университетіндегі халықаралық конференцияға қатысып қайтты

8 желтоқсан, 2025

     2025 жылдың 1-5 желтоқсанда ҚХР Ланчжоу университетінде «Қытай мен Орталық Азиядағы заманауи университеттерді басқару» тақырыбында халықаралық конференцияға қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы қатысып баяндама жасап қайтты. Конференцияға Қытай мен Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Конференция идеялар мен үздік тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ халықаралық бірлескен бастамаларды жүзеге асырудағы талқылау алаңына айналды. Бұл іс-шара ҚазҰУ-дың халықаралық серіктестігін нығайтуға, әдістемелік тәжірибе алмасуға және Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ықпал етті.