- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ғалымы Шанхайдағы халықаралық қытайтану форумы мен кәсіби мамандар конгресіне қатысты
ҚазҰУ ғалымы Шанхайдағы халықаралық қытайтану форумы мен кәсіби мамандар конгресіне қатысты
19–25 қазаны аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Фатимабибі Ноғайқызы Дәулет Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласыда іссапарда болып қайтты. Іссапар Қытай Халық Республикасының Дүниежүзілік Қытайтану орталығының (World Sinology Center, PRC) ресми шақыруы негізінде ұйымдастырылып, барлық шығындар қабылдаушы тараптың есебінен қаржыландырылды.
Осы сапар барысында Қазақстандық ғалым «The 23’th Conference on International Exchange of Professionals» - Жоғары білікті мамандардың 23-ші бүкіләлемдік конгресіне, Наньчаң қаласында өткен «Бүкіләлемдік қытайтанушылар форумына» қатысты. Еліміздегі қытай тілі оқулықтарының жазылу барысы туралы баяндама жасады, осы бағыттағы халықаралық ғылыми пікірталас пен академиялық алмасуға қатысты, Пекин тілі және мәдениет университетінің докторанттарына мастер-класс өткізді, ҚХР БАҚ-тарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы имидждік хабарламалар жасады. Фатима бибі Ноғайқызының бұл сапары өте жемісті спар болды деуге толық негіз бар. Қазақстандық ғалымның жасаған баяндамасы мен мастер-кластары жоғары деңгейде өтті. ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті мен инновациялық оқыту тәжірибесі халықаралық аудиторияға кеңінен таныстырылды. Нәтижесінде, ғылыми-академиялық байланыстар кеңейді, бірлескен мақалалар мен жобалар бойынша келісімдер жасалды, Қазақстандық қытайтанудың беделі мен танымалдығы айтарлықтай артты, Қытайдың Синьхуа, China daily секілді беделді, халықаралық дәрежедегі БАҚ құралдарына Әл Фараби атындағы ҚазҰУ жайлы имидждік сұхбаттар жарияланды.
Басқа жаңалықтар