Асылдар ұшқан, Қасиетті Қара Шаңырак!
Асылдар ұшқан, Қасиетті Қара Шаңырак!. Әр адамның жүрегіне ыстықжанына жақын ортасы болады.Мен үшін сондай нұрлы да шуақты орта - әл-Фараби атындағы Қазақұлттықуниверситеті. Жаратқанның күнінен кейінгі бір жарық осы түсініктен ,осы университет туралы ұғымынан таралатын. Құдайдың күнініңжарығы мен университетінің жарығын өзара салыстырмақ ойым жоқ.
Құдайдың күнінің жарығына жететін жарық бола ма.Орнынан тұрып, түрегеп жүрсе де оянбаған, ұйқысы ашылмаған, көзі ашық болғанымен , көкірек көзі жабулы адам Құдайдың күнінен де мән іздеп, мағына таба бермейді. Кісінің көкірегіндегі, санасындағы жарықта Құдайдың құдіретімен жанады. Бірақ оның алауын жағатын, ұшқынынан жалын лаулататын қуат көзі -Ұлттық университетте. Адам ұлт университетінен білетінінен.ұлт университетінен көретінінен қымбат, асыл қазына дүниеде өте сирек. "Асылы, жер бетінде университет секілді қасиетті орын сирек. Университет- елдің есеюі, онсыз ел парасат жағынан бір түрлі олқы соғатын, орта жататын тәрізді" -деген екен марқұм Зейнолла Қабдолов ағамыз. Бұл орайда біздің қасиетті қара шарық тек Алматының ғана емес, тұтас еліміздің биік өнегесі мен өресіне өлшем болып отыр. Қазақ Үлттық университеті- іргелі білім ошағы, ғылым мен мәдениеттің орталығы.
Халқымыздың заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты ұл- қыздарымыз шыққан қара шаңырық. Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған алтын ұя. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев :"ҚазҰУ- әлемге әйгілі Оксфорд, Гарвард сияқты университеттердің дәрежесіне жетуі керек"-деген болатын.Бұл ұжымға берілген жоғары баға емес.қара шаңырақтың келешегіне жүктелген зор жауапкершілік пен улкен сенім деп ойлаймыз. Бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті адамзат ғасырлар бойы жасаған білімнен терең нәр алып, биіктерге қанат қаққан мыңдаған шәкірттері епіміздің қоғамдық, саяси, мәдени өмірінің әр саласын дамытуға сүбелі үлес қосып жатқан оқу ордасы, тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке ұқсайды. Ендеше, келешекте де университет уақытқа сай маман даярлап қана қоймай, заманға сай адам қалыптастыруда, Елбасының сенімін, Қазақстан жұртшылығының үмітін ақтау жолында аянбай қызмет ете берері даусыз.
Айгерім ҚОСМАХАНОВА, Майра СЕРМАНИЗОВА Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің 4 курс студенттері