THENEWS.KZ, KAZINFORM.KZ, NEWS.VSETKE.KZ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Бейжің шетел тілдері университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Бейжің шетел тілдері университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 6 сәуірде ҚР-ның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уіниверситетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Бейжің шетел тілдері университетінде болды.Университет ректоры Пэн Лунмен кездесу барысында білім саласындағы ынтымақтастық, екі ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларының академиялық алмасуы, 2015 жылы желтоқсанда ашылған «Қазақстан орталығы» базасында әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
Бейжің университетінің ректоры оқу орнында өз кезінде Қытайдың шет мемлекеттердегі 400-ден астам елшілері білім алғанын атап өтті, ал оқу орнының өзі ҚХР дипломатиялық қызметі үшін кадрлардың ұстаханасы болып табылады. Биылғы жылы 72 әлем тілдері оқытылатын университетте 10 таңдаулы талапкерді қазақ тілінде оқыту үшін іріктеп алуды жоспарлап отыр, олар қабылдау емтиханысыз-ақ жоғары оқу орнына түсетін болады.
Өз тарапынан Ғ.Мұтанов елдегі жетеші жоғары оқу орны болып табылатын Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен елшілердің тұтас шоғырын өсіріп шығарғанын атап өтті. Ол ҚазҰУ-дың Бейжің университеті студенттерін қазақ тілінде оқытуға, жоғары оқу орнына жоғары білікті оқытушыларды жіберуге әзір екенін айтты.Кездесу қорытындыларымен ҚазҰУ мен БШТУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат студенттермен және оқытушылармен алмасуды, бірлескен зерттеу қызметін жүргізуді, баяндамалар, мақалалар және басқа да ғылыми еңбектер жариялауды, сондай-ақ біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастьыруды көздейді.
Қытайдағы Қазақстан Елшілігі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталыққа қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік материалдарды, сөздіктерді және әдебиеттерді сыйға тартты.Еске сала кетейік, Қазақстан орталығының ашылуы рәсімі 2015 жылы желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың ҚХР-ға сапары кезінде өткен еді. Қытай аумағында ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің жәрдемдесуімен Қазақстанды зерттеу жөнінде үш орталық (Шанхай, Дальян, Бейжің қалаларында) ашылды, олар Қазақстанның тарихын, тілін және мәдениетін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын және қазақстандық қоғамның басқа да құндылықтарын таратып, ілгері жылжытуы тиіс.