- Басты бет
- Жаңалықтар
- «7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс магистранттары ғылыми-зерттеу практикасы барысында А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл – құрал» ОӘҒЗ орталығында “Мен білетін Шолпан апа…” атты тағзым-дәріс ұйымдастырды.
«7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс магистранттары ғылыми-зерттеу практикасы барысында А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл – құрал» ОӘҒЗ орталығында “Мен білетін Шолпан апа…” атты тағзым-дәріс ұйымдастырды.
ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, «7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс магистранттары ғылыми-зерттеу практикасы барысында А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығында Ахмет Байтұрсынұлының отбасылық мұрасын насихаттауға бағытталған “Мен білетін Шолпан апа…” атты тағзым-дәріс ұйымдастырды. Іс-шара ұлт ұстазының қызы, өмірін әке мұрасын сақтау мен зерттеуге арнаған Шолпан Ахметқызының өнегелі ғұмырын жас ұрпаққа танытуды мақсат етті.
Тағзым-дәріс А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл–құрал» ОӘҒЗО директоры Р.С. Имаханбет, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD, доцент м.а. Г.Т. Оспанованың жетекшілігімен өткізілді.
Тағылымдық басқосуға №165 мектеп-лицейінің 8–9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Дәріс барысында магистрант Асқарова Гулназ бен Рахымбай Асел Шолпан Ахметқызының балалық шағы, қуғын-сүргін кезеңіндегі күрделі өмір жолы, сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізудегі ерен еңбегі жөнінде мазмұнды баяндама жасап, тың деректермен бөлісті.
Шараның тәрбиелік мәнін арттыру мақсатында қатысушыларға рухани-музыкалық атмосфера қалыптастырылып, домбырамен дәстүрлі ән орындалды. Дәрістен кейін магистранттар жетекшілермен бірге Шолпан Ахметқызының мәңгілік мекеніне барып, Құран бағыштап, тұлға рухына тағзым етті.
Бұл тағылымды іс-шара жас ұрпақты ұлттық тарихқа, тұлғатану мәдениетіне баулып, Ахмет Байтұрсынұлы әулетінің өнегелі жолын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар